date

Geely Monjaro көшбасшылығын сақтап тұр: Ресейде бренд сатылымы күрт өсті

Geely Monjaro көшбасшылығын сақтап тұр: Ресейде бренд сатылымы күрт өсті

Geely компаниясы Ресей нарығындағы өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Мамыр айы бренд үшін жыл басынан бергі ең табысты кезең болды — бір ай ішінде ресейліктер 6836 дана автокөлік сатып алды. Жыл басынан бері сатылған көліктердің жалпы саны 29 мыңнан асты. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Бұл көрсеткіштер Geely брендіне Ресей автокөлік нарығындағы барлық өндірушілер арасында төртінші орынды иеленуге мүмкіндік берді. Сатылымның өсуіне нарықта өз орны бар модельдер де, жақында таныстырылған жаңалықтар да айтарлықтай үлес қосты.

Компания деректері бойынша, Geely Monjaro, Cityray және Atlas сияқты модельдер әлі де жоғары сұранысқа ие. Сондай-ақ, сәуір айының ортасында дебют жасаған жаңа ықшам кроссовер Geely Coolray және гибридті технологиялы Geely EX5 EM-i модельдері де сатып алушылардың назарын аударуда.

Қазіргі уақытта брендтің Ресейдегі модельдер қатары сегіз автокөліктен тұрады: Preface седаны, Coolray, Cityray, Atlas, Okavango және Monjaro кроссоверлері, сондай-ақ электр қуатымен жүретін EX5 және гибридті EX5 EM-i. Айта кетерлігі, маусым айынан бастап осы модельдердің клондары болып табылатын Volga K50, Volga K40 және Volga C50 сатылымға шығады деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Авто » Geely Monjaro көшбасшылығын сақтап тұр: Ресейде бренд сатылымы күрт өсті