date

Денеңіздің "қорғаушылары" - антиоксиданттар туралы біліңіз

Денеңіздің "қорғаушылары" - антиоксиданттар туралы біліңіз

Антиоксиданттар - ағзамызды "еркін радикалдар" деп аталатын зиянды молекулалардың теріс әсерінен қорғайтын қосылыстар. Еркін радикалдар жасушаларға зиян келтіріп, түрлі ауруларға себеп болуы мүмкін. Бұл процесс "тотықтырғыш стресс" деп аталады.

Антиоксиданттар адам денсаулығы үшін маңызды, өйткені олар мұндай зиянды азайтуға көмектеседі. Олар табиғи түрде кейбір жемістер мен көкөністерде, дәнді дақылдарда және жаңғақтарда кездеседі.

Кең таралған антиоксиданттарға мыналар жатады:

  • С дәрумені: лимон, апельсин, жасыл көкөністер, құлпынай, қызыл бұрыш.
  • Е дәрумені: бадам, жаңғақ, тұқымдар, шпинат, тәтті картоп.
  • Каротиноидтар: сәбіз, асқабақ, шпинат сияқты көкөністер.
  • Селен: жаңғақтар, тұқымдар, сиыр еті және күркетауық еті.
  • Флавоноидтар: шай, кофе, қызыл шарап, жеміс, көкөніс, шоколад.
  • Ликопен: қызанақ, қарбыз, папайя.

Антиоксиданттар қатерлі ісік, жүрек аурулары, диабет, Альцгеймер, қартаю және басқа да аурулардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Денсаулық » Денеңіздің "қорғаушылары" - антиоксиданттар туралы біліңіз