date

Дене қызуын әрдайым түсіру керек пе?

Дене қызуын әрдайым түсіру керек пе?
Дене қызуы – организмнің ауруға қарсы табиғи қорғаныс белгісі. Әдетте ол вирустар немесе бактериялар денеге енгенде пайда болады. Температура көтерілгенде микробтар үшін қолайсыз орта түзіледі, және олар көбейе алмайды. Сондықтан жеңіл қызу – ағзаның өзін қорғау тәсілі.

Ерте заманда адамдар дене қызуын жеке ауру деп есептеген. Оны қан алу немесе аш жүру арқылы емдеуге тырысқан. Белгілі ғалым Луи Пастер микроп теориясын ашқан соң, дене қызуының ауру емес, организмнің инфекцияға жауабы екені анықталды.

Дәрігерлердің айтуынша, дене температурасы 38 градустан асса, бұл қызу болып саналады. Жеңіл қызу кезінде ағза аурумен өз бетінше күресе алады. Бірақ егер температура 40 градустан асса, бұл қауіпті болуы мүмкін. Мұндай жағдайда сусыздану, есінен тану немесе тырысу байқалуы ықтимал.

Қызу көбіне балаларда кездеседі, себебі олардың дене температурасын реттеу жүйесі әлі толық қалыптаспаған. Сондықтан температура тез көтеріліп, тез төмендей алады. Алайда қызу ұзаққа созылса немесе ауырсыну, жөтел, әлсіздікпен қатар жүрсе, дәрігерге қаралу қажет.

Мамандардың кеңесі: жеңіл қызуды әрдайым түсірудің қажеті жоқ. Ағза аурумен табиғи түрде күрессін. Бірақ жағдай нашарласа, дереу медициналық көмекке жүгіну керек, себебі өзін-өзі емдеу кейде денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Денсаулық » Дене қызуын әрдайым түсіру керек пе?