date

Күнделікті тұтынылатын қант неге аллергия тудырады?

Күнделікті тұтынылатын қант неге аллергия тудырады?

Қант аллергиясы - кез-келген жастағы адамдарда кездесетін тағамдық аллергияның бір түрі, ол ағзаның қант затына жағымсыз реакциясымен көрінеді. Мамандардың пікірінше, бұл жағдай тәттілерді шамадан тыс тұтынумен ғана емес, сонымен қатар ағзаның кейбір қант қосылыстарын қабылдай алмауымен де байланысты.

Қант әртүрлі формада кездеседі: глюкоза - ағзамызға энергия көзі ретінде қажет, фруктоза - жемістерде, лактоза - сүт өнімдерінде, ал сахароза күнделікті пайдаланылатын ақ қантта бар. Сондықтан аллергиялық реакция тәттілерден ғана емес, қарапайым жемістерден, сүттен немесе тіпті кетчуп пен дәрі-дәрмектерден кейін де пайда болуы мүмкін.

Аллергияның себебі - иммундық жүйенің қантқа деген дұрыс емес жауабы. Бұл жағдайда ағза қантты қауіпті зат ретінде қабылдайды және қорғаныс реакциясын іске қосады. Нәтижесінде бөртпе, қышу, бас ауруы, іштің ауыруы, тыныс алудың қиындауы немесе әлсіздік байқалуы мүмкін.

Медициналық зерттеулерге сәйкес, бұл жағдай көбінесе рафинирленген ақ қантпен (яғни, қайта өңделген қанттың жасанды түрі) байланысты. Мамандар мұндай жағдайда қант мөлшерін азайтып, табиғи тәттілер - бал, стевия немесе жемістерді пайдалануды ұсынады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Денсаулық » Күнделікті тұтынылатын қант неге аллергия тудырады?