date

Лондондағы Энфилдте 60-тан астам балада қызылша анықталды

Лондондағы Энфилдте 60-тан астам балада қызылша анықталды

Энфилд аумағында 60-тан астам балада қызылша ауруы тіркелген. Бұл туралы 14 февраль күні The Guardian басылымы хабарлады.

Аймақтағы жеті мектеп пен балабақшада ауру жағдайлары анықталғаны хабарланды. Кейбір балалар ауруханаға жатқызылды. Мамандар аурудың тез таралуына аймақтағы екпемен қамтудың төмендігі басты себеп болып отырғанын айтады.

Ұлыбританияның Денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігінің есептеуінше, егер жағдай дер кезінде бақылауға алынбаса, Лондон қаласында 40 мыңнан 160 мыңға дейін адам қызылша жұқтыруы мүмкін.

Энфилд қоғамдық денсаулық сақтау директоры - Дуду Чер-Арами - қызылша қазір астана үшін үлкен қауіпке айналып бара жатқанын айтты. Оның айтуынша, Лондон ел бойынша қызылшаға қарсы вакцинация деңгейі ең төмен аймақтардың қатарына кіреді.

Қазіргі уақытта Энфилд аумағында уақытша екпе орталықтары құрылған. Сондай-ақ, ата-аналарға балаларды вакцинациялау қажеттілігі туралы ресми ескерту хаттары жіберілуде.

Қызылша - ауа-тамшы жолымен жұғатын, өте тез таралатын вирустық ауру. Ол әсіресе жас балалар үшін қауіпті және кейбір жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, қызылшаға қарсы вакцинация шамамен 97 пайызға тиімді. Вакцинацияланбаған адам науқас адаммен байланыста болған жағдайда дерлік 100 пайыз жағдайда вирус жұқтыруы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Денсаулық » Лондондағы Энфилдте 60-тан астам балада қызылша анықталды

Ең көп оқылғандар Денсаулық жаңалықтары