date

Ресей мұнайына қарсы санкциялар жеңілдетілуде

Ресей мұнайына қарсы санкциялар жеңілдетілуде

АҚШ одақтас елдердің өкілдерімен жүргізілген келіссөздерде әлемдік нарықтағы мұнай бағасының өсуі кезінде Ресей мұнайына қатысты санкцияларды жеңілдетуді жалғастыру ниетін растады. Бұл туралы "Bloomberg" агенттігі өз дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, Вашингтон өткен аптада өз ұстанымын одақтас елдерге жеткізген. АҚШ тарапы бұл шаралардың уақытша екенін және Иранға қарсы операциялар аясында әлемдік энергетикалық нарықты тұрақтандыруға бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ, АҚШ Қаржы министрлігі бұрын 12 наурызға дейін кемелерге тиелген Ресей мұнайы мен мұнай өнімдерінің саудасына қатысты санкцияларды алып тастады. Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) жариялаған бас лицензия бұл операцияларды 11 апрельге дейін жүзеге асыруға рұқсат береді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ресей мұнайына қарсы санкциялар жеңілдетілуде