date

Балаларға ине салынған кәмпит таратқан адам ұсталды

Балаларға ине салынған кәмпит таратқан адам ұсталды

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласының Ленин ауданында балаларға ішіне ине салынған кәмпит таратқан адам ұсталды. Бұл туралы ауданның Ішкі істер бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Анықталғандай, биылғы жылғы 28 наурыз күні шамамен сағат 20:00-де полицияға «Оқ Орда» тұрғын массивінде бір ер адамның балаларға ішіне ине салынған кәмпит таратқаны туралы хабар түскен.

Бұл массивте тұратын Б.Г. есімді әйел өзінің 11 жастағы қызы және басқа балалар да белгісіз тұлғадан сондай кәмпит алғанын мәлімдеген.

Осы оқиға бойынша Тергеу қызметі қылмыстық іс қозғады және қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция қызметкерлері күдікті Н.Д.-ны тергеу шаралары кезінде ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша қамау абақтысына орналастырылған.

Күдіктінің тұратын жерінде жүргізілген тінту барысында кәмпиттер мен басқа да материалдық дәлелдер тәркіленді. Тергеу жұмыстары жалғасуда. Ленин аудандық соты күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Балаларға ине салынған кәмпит таратқан адам ұсталды