Иран басшысының жағдайы ауыр ма? Хаменеи туралы жаңа ақпарат

Муджтаба Хаменеидің денсаулығы туралы әртүрлі қарама-қайшы ақпарат таралуда. Шетелдік БАҚ-тардың, соның ішінде The Times басылымының хабарлауынша, ол қазір ес-түссіз болуы мүмкін.
Мәліметтерге қарағанда, бұл хабар АҚШ пен Израильдің барлау дереккөздеріне негізделген, ресми растау әлі берілмеген. Кейбір дереккөздерде Хаменеидің Құм қаласында емделіп жатқаны және мемлекеттік басқаруға белсенді қатыспайтыны айтылады.
Сонымен қатар, Иран билігі жаңа басшының билікте екенін айтып, оның жағдайы туралы жағымсыз хабарларды жоққа шығаруда.
Бұған дейін де оның жарақат алғаны немесе қаза тапқаны туралы түрлі болжамдар болған. Алайда кейінірек Иран билігі оның тірі екенін және жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, Муджтаба Хаменеи 9 наурызда Иранның жаңа Жоғарғы басшысы болып жарияланды. Ол марқұм Али Хаменеидің ұлы болып саналады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!