date

Жазадан құтылу үшін 8 рет ана атанған әйел

Жазадан құтылу үшін 8 рет ана атанған әйел

Түркияның Самсун қаласында тұратын 31 жастағы әйел бірнеше рет жасаған ұрлық қылмыстарынан кейін ақыры қолға түсті және бұл жолы жазадан құтыла алмады. Оның үй ұрлығына қатысты 60-қа жуық қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылып, жалпы есебі 65 жыл 10 айдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылғаны хабарланды.

Дереккөздерге сәйкес, әйел бұған дейінгі жағдайларда жазаны кейінге қалдыру үшін жүктілігін немесе сәбиінің жасы кіші екенін сылтау етіп келген. Түркия заңнамасына сәйкес, 18 айға толмаған баласы бар әйелдерге жазаны кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі. Ол осы құқықтық жеңілдікті бірнеше рет пайдаланған деп болжануда.

Мәліметтерге қарағанда, қазіргі таңда әйел 8 баланың анасы. Оның үлкен баласы 13 жаста болса, ең кішісі 6 айлық екені айтылуда.

Соңғы қылмысында ол 13 жасар ұлымен бірге үйден шамамен 20 мың түрік лирасын ұрлады деп айыпталды. Құқық қорғау органдары жүргізген бақылау нәтижесінде ана мен бала ұсталды.

Бұл жолы сот оған қатысты қатаң шешім шығарып, ұрлық және үйге қол сұқпаушылықты бұзу баптары бойынша қосымша 3 жыл 9 ай 18 күн жаза тағайындады. Сонымен қатар, сот оны қамауда қалдыру туралы шешім қабылдады.

Осы оқиғадан кейін Самсундағы судья Түркия Әділет министрлігіне жүгініп, балаға байланысты жазаны кейінге қалдыру құқығын қайта қарауды және оған шектеулер енгізу бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Жазадан құтылу үшін 8 рет ана атанған әйел