Басына арбалет оғы қадалған мысық құтқарылды

Дағыстанда еріктілер таңғаларлық ерлік көрсетіп, бас сүйегіне арбалет оғы кіріп кеткен мысықты өлімнен арашалап қалды. Оқтың жануардың басына қалай қадалғаны әзірге белгісіз.
Мәліметтерге сәйкес, жануарды көрген жанашыр жандар дереу қаражат жинап, мысықты шұғыл түрде ветеринарлық клиникаға жеткізген. Жолда қосымша жарақат алмас үшін еріктілер оқтың сыртқа шығып тұрған бөлігін абайлап кесіп тастаған.
Ветеринарлар өткізген күрделі отадан кейін мысықтың өмірі сақтап қалынды. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты, өз бетімен тамақтанып, қозғалып жүргені айтылуда.
Мамандар мұндай жағдайлар жануарларға қатысты зорлық-зомбылықтың күрделі мәселе екенін тағы бір еске салып, әлеуметтік желілерде де кең талқылауға себеп болғанын атап өтуде.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз