date

Еуропада некесіз туылатын балалар саны күрт артуда

Еуропада некесіз туылатын балалар саны күрт артуда

Eurostat деректеріне сәйкес, 2024 жылы Еуропалық одақта туған балалардың 41 пайызы ресми некеде тұрмайтын отбасылардың үлесіне тиесілі. Одақтың жеті елінде балалардың жартысынан көбі некесіз туғаны тіркелді.

Ең жоғары көрсеткіштер Болгарияда (62%), Францияда (60%) және Португалияда (59%) байқалды. Ең төменгі нәтижелер Грекияда (10%), Венгрияда (24%) және Хорватияда (26%) тіркелді. 2004–2024 жылдар аралығында некесіз туылу 18 елде өссе, тек 4 елде азайған.

Еуропа халқы 451 миллионға жетті

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Еуропалық одақ халқы 451 миллион адамға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 миллионға жуық адамға көп. Ең үлкен халық саны Германияда — 84 миллион, бұл ЕО халқының 19 пайызын құрайды.

Сондай-ақ Францияда 69 миллион, Италияда 59 миллион, Испанияда 49 миллион және Польшада 36 миллион адам тұрады. Бұл бес мемлекетке Еуропа халқының 66 пайызы тиесілі.

Еуропа халқы қартаюда

Деректерге сәйкес, ЕО халқының орташа жасы 2005 жылғы 39,6 жастан 2025 жылға қарай 44,9 жасқа жетті. Ең жоғары орташа жас Италияда (49,1 жас), ең төменгі көрсеткіш Ирландияда (39,6 жас) болды.

Сарапшылар бұл жағдай Еуропадағы демографиялық өзгерістермен, неке санының азаюымен және халықтың қартаюымен байланысты екенін атап өтуде.

Неке және ажырасу саны қандай?

2024 жылы Еуропалық одақ елдерінде шамамен 1,7 миллион неке тіркелді. Ең жоғары неке көрсеткіштері Латвия, Румыния және Австрияда байқалды.

Ажырасулар саны шамамен 0,7 миллионға жетті. Ең жоғары ажырасу көрсеткіштері Латвия, Литва және Швецияда тіркелді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Еуропада некесіз туылатын балалар саны күрт артуда