Еуропалық одақ Temu-ға 200 млн еуро айыппұл салды

Еуропа одағы қытайлық танымал онлайн-маркетплейс Temu-ға 200 миллион еуро көлемінде айыппұл салды. Платформа қауіпті тауарлар саудасын жеткілікті бақыламағаны үшін жауапқа тартылды.
Еуропалық комиссияның мәліметінше, Temu арқылы қауіпті балалар ойыншықтары, талапқа сай келмейтін зарядтау құрылғылары және басқа да заңсыз өнімдер сатылған.
Тексеру барысында компанияның тауарларға байланысты тәуекелдерді анықтау және бағалау бойынша тиімді жүйе құрмағаны атап өтілді. Сондай-ақ, тұтынушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін өнімдерге қарсы жеткілікті шаралар қолданылмағаны айтылуда.
Temu бойынша ресми тексеру 2024 жылдың қазан айында басталып, екі жылға жуық уақытқа созылды. Ал компания айыппұлды орынсыз деп санап, шешімге қарсы құқықтық шаралар қолданатынын мәлімдеді.












Пікірлер 0
…