date

Саусақпен селфи түсу қаншалықты қауіпті?

Саусақпен селфи түсу қаншалықты қауіпті?

Саусақтарды көрсетіп селфиге түсу қауіпті болуы мүмкін. Мамандар интернетке жүктелетін, әсіресе саусақтар жақын көрінетін жоғары ажыратымдылықтағы суреттерге сақтықпен қарауға кеңес береді.

Себебі, мұндай суреттерден биометриялық деректерді, атап айтқанда саусақ іздерін қалпына келтіру ықтималдығы бар. Жапонияның Ұлттық информатика институтының зерттеушілері бірнеше жыл бұрын «V» белгісімен түсірілген суреттерден саусақ іздерін бөліп алуға болатынын хабарлаған болатын.

Олардың айтуынша, сапалы камера және жақсы жарықта түсірілген суреттерде саусақ іздері көрініп қалуы мүмкін. Соңғы жылдары жасанды интеллект технологиялары бұл қауіпті одан сайын күшейтті. Қытайлық сарапшылар ЖИ көмегімен қарапайым селфилердегі саусақ іздерін анықтауға және қайта қалпына келтіруге болатынын айтады. Алайда, мамандар бұл процестің оңай емес екенін де атап өтеді. Ол үшін жоғары сапалы сурет, арнайы бағдарламалар және техникалық білім қажет.

Солай болса да, интернетке жүктелетін жақын планды селфилерде сақ болу ұсынылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Пайдалы » Саусақпен селфи түсу қаншалықты қауіпті?