date

Хорезмде қатты жел батуттарды ұшырып кетті

Хорезмде қатты жел батуттарды ұшырып кетті

Хорезм облысында орын алған қатты жел мен шаңды дауыл кейбір аудандарда күтпеген жағдайларға себеп болды. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда балалар ойынына арналған батуттардың желдің әсерінен аударылып, тіпті ұшып кеткені көрсетілген.

Мәліметтерге сәйкес, оқиға 17 мамыр күні Хазарасп ауданында болды. Кадрлардан батуттардың бірі жерге аударылып жатқанын, екіншісінің қатты жел ағынымен ауаға көтеріліп бара жатқанын көруге болады.

Әзірге бұл оқиға салдарынан зардап шеккендер бар-жоғы туралы нақты ақпарат берілмеді. Сондай-ақ, жауапты ұйымдар тарапынан оқиғаға қатысты ресми түсініктеме жарияланған жоқ.

Атап өтілгендей, өткен күн ішінде Хорезм облысының көптеген аудандарында қатты жел мен шаңды дауыл байқалды. Кейбір жерлерде шаң аралас жаңбыр жауғаны тіркелген.

Мамандар мұндай ауа райы жағдайында ашық алаңдардағы жеңіл құрылымдарды бекіту және сақтық шараларын қолдану қажеттігін атап өтуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Хорезмде қатты жел батуттарды ұшырып кетті