date

Наманганда 4 мың қорап заңсыз темекі өнімі тәркіленді

Наманганда 4 мың қорап заңсыз темекі өнімі тәркіленді

Бас прокуратураға қарасты Департаменттің Давлатабад аудандық бөлімі мен кеден қызметкерлері бірлесіп өткізген жедел шарада заңсыз темекі өнімдерін сатумен айналысқан адам ұсталды.

Мәліметтерге қарағанда, бұрын сотталған А.Р. есімді адамның "Cobalt" маркалы автокөлігі "Янгиқўрғон-Наманган" бағытында келе жатқанда тоқтатылып, тексерілген.

Тексеру барысында шетелде шығарылған акциздік маркасыз 2500 қорап "Milano New York" және 1500 қорап "Esse Change" атты темекілер заңсыз сауда мақсатында әкелініп жатқаны анықталды.

Жалпы 4 мың қорап темекі өнімі заттай айғақ ретінде алынды.

Қазіргі уақытта бұл жағдай бойынша Қылмыстық кодекстің 186-1-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Наманганда 4 мың қорап заңсыз темекі өнімі тәркіленді