date

Telegram-дағы есірткі желісі 8 жылдан кейін әшкере болды

Telegram-дағы есірткі желісі 8 жылдан кейін әшкере болды

2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан "Deadpool" атты телеграм есірткі дүкені әшкереленді.

Кеден және құқық қорғау органдарының ынтымақтастығындағы жедел іс-шаралардың нәтижесінде аталған есірткі дүкенінің негізгі таратушылары Әндіжан және Ташкент облыстарында ұсталды.

Атап айтқанда, Қырғызстаннан лақтырылған 602 грамм "альфа-PVP" затын қабылдап жатқан адам ұсталды. Ол 3 жылда 50 кг есірткі таратқанын мойындады.

Ташкент облысында 492 грамм "клефедрон" заты жасырылған аккумулятор арқылы жеткізілген, екі азамат ұсталды. Олар жарты жылда 12,5 мың доза таратқанын айтты.

Ұсақ таратушылар Ташкент қаласы мен облысындағы демалыс саябақтары мен білім беру мекемелерінің маңайын тарату нүктесі ретінде таңдаған. Қазір қылмыстық іс қозғалды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Telegram-дағы есірткі желісі 8 жылдан кейін әшкере болды