date

Ресейдегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған өзбекстандық балалар елге жеткізілді

Ресейдегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған өзбекстандық балалар елге жеткізілді

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған алты өзбекстандық кәмелетке толмаған бала отанына қайтарылды. Бұл туралы "Дунё" ақпарат агенттігі хабарлады.

Балаларды қайтару Өзбекстанның Бас консулдығы мен жауапты мекемелердің қолдауымен жүзеге асырылғаны атап өтілді. Жұмысшы топ 10 күн бойы балалардың құқықтық мәртебесін анықтау және қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жүргізді.

Балалар алдымен Санкт-Петербургтегі әлеуметтік оңалту орталықтары мен "Транзит" әлеуметтік баспанасына орналастырылды. Мәліметтерге қарағанда, балалардың бірі үш жылдан бері анасынан айырылып, әкесімен бірге тұрып келген. Тергеу барысында баланың анасынан заңсыз әкетілгені және тұрғылықты жеріндегі әлеуметтік жағдай оның денсаулығына қауіп төндіргені анықталды.

Сыртқы істер министрлігі жанындағы Бас консулдық пен басқа да жауапты ұйымдар балалардың қауіпсіз оралуын қамтамасыз еткен. Олар үшін арнайы куәліктер ресімделіп, "Санкт-Петербург - Ташкент" әуе рейсімен отанына жеткізілді.

Шенеуніктер бұл үдеріс барысында халықаралық құқық нормалары мен балалардың мүдделерін ескере отырып әрекет еткенін айтты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Ресейдегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған өзбекстандық балалар елге жеткізілді