date

Ташкентте құрылысы аяқталмаған ғимаратта өрт шықты: түнде төтенше жағдай болды

Ташкентте құрылысы аяқталмаған ғимаратта өрт шықты: түнде төтенше жағдай болды

21 октябрь күні кешкі сағат 22:31-де Ташкент қаласы Мирабад ауданында орналасқан құрылысы әлі аяқталмаған ғимараттың жертөлесінде өрт шықты. Бұл туралы Ташкент қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнына небәрі 8 минутта - 22:39-да жетіп, 13 минуттық күрестен кейін өрт 22:52-де қоршауға алынып, 22:58-де толығымен сөндірілді.

Ресми мәлімет бойынша, өрт салдарынан салынып жатқан ғимараттың жертөлес бөлігінде сақталған құрылыс материалдары өртеніп, зақымданған. Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім жарақат алмаған.

Қазіргі уақытта өрт себептері мен нақты шығын көлемі бойынша тиісті қызметтер тарапынан зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Ташкентте құрылысы аяқталмаған ғимаратта өрт шықты: түнде төтенше жағдай болды