date

Түркияда өзбекстандықтар ет турағыштың ішіне жасырылған 61 келі алтынмен ұсталды

Түркияда өзбекстандықтар ет турағыштың ішіне жасырылған 61 келі алтынмен ұсталды

Түркияда құқық қорғау органдары Өзбекстанның 5 азаматын заңсыз алтын алып өтпек болғаны үшін ұстады.

Белгілі болғандай, 3 әйел мен 2 ер адамнан құралған топ Өзбекстаннан Стамбул арқылы Каппадокия аймағындағы Невшехир әуежайына ұшқан. Олардың жүктері тексерілгенде 61 келі 121 грамм алтын табылды.

Тергеу барысында анықталғандай, алтын еттартқыштар мен миксерлердің ішіне қосалқы бөлшектер түрінде балқытылып орналастырылған. Мамандар бұл әдістің жоғары деңгейде дайындалған контрабанда схемасын еске түсіретінін айтады.

Невшехир провинциясы полициясының контрабандаға және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімі күдіктілер туралы алдын ала ақпарат алған. Сондықтан олар әуежайға келген бойда арнайы рейд жүргізілді.

Полиция қызметкерлері сондай-ақ оларды әуежайда күтіп алған тағы бір адамды да ұстады. Қазіргі уақытта барлық күдіктілер сот органдарына тапсырылды, табылған алтын тәркіленді.

Билік өкілдерінің айтуынша, бұл Түркияда соңғы айларда анықталған ең ірі алтын контрабандасының бірі болып табылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Түркияда өзбекстандықтар ет турағыштың ішіне жасырылған 61 келі алтынмен ұсталды