date

Ресейде табылған өзбекстандық балалар отанына жеткізілді

Ресейде табылған өзбекстандық балалар отанына жеткізілді

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында қараусыз қалған бес өзбекстандық кәмелетке толмаған бала Өзбекстанға қайтарылды.

"Өзбекстанның Бас консулдығының қолдауымен Ресейде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бес отандасымыздың отанына қайтарылуы қамтамасыз етілді," - делінген ресми ақпаратта.

Бұл шара Өзбекстанның Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдерімен ынтымақтастықта жүзеге асырылды.

Балалар бұрын Санкт-Петербургтегі кәмелетке толмағандарға арналған әлеуметтік оңалту орталықтары мен Транзиттік әлеуметтік баспанаға орналастырылған.

Өзбекстан тарапынан жіберілген жұмысшы топ оларды елге қайтару үшін барлық қажетті құжаттарды рәсімдеді. Бас консулдық балаларға репатриация сертификаттарын тегін берді.

Балалар жауапты мамандардың сүйемелдеуімен Санкт-Петербург-Ташкент бағытындағы ұшақпен Өзбекстанға жеткізілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Қоғам » Ресейде табылған өзбекстандық балалар отанына жеткізілді