date

Әндіжанда 2 миллиард сумдық алтын бұйымдардың заңсыз саудасына тосқауыл қойылды

Әндіжанда 2 миллиард сумдық алтын бұйымдардың заңсыз саудасына тосқауыл қойылды

Әндіжан облысы кеден басқармасының жедел құрылымдары басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген рейд барысында ірі көлемдегі алтын бұйымдардың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды.

Әндіжан қаласында алдын ала бақылауға алынған адам басқа адамнан зергерлік бұйымдар салынған сәлемдемені алып жатқан кезде ұсталды. Жөнелтімді белгіленген тәртіпте, куәгерлердің қатысуымен ашқанда, оның ішінде арнайы дайындалған 3 орама бар екені анықталды.

Бұл орамаларда жалпы салмағы 1 келі 138 грамм болатын 175 дана дайын зергерлік бұйымдар болды. Зергерлік бұйымдардың барлығы алтыннан жасалған, олардың кедендік рәсімдеуі мен сапасын растайтын құжаттары болмаған.

Бұл әшекейлердің бастапқы бағасы шамамен 2 миллиард сум екені айтылады. Тауарларға қатысты белгіленген тәртіпте тиісті құқықтық шаралар қолданылуда.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың өткен кезеңінде Әндіжан облыстық кеден басқармасы зергерлік бұйымдардың заңсыз саудасына қатысты 55 заңбұзушылықты анықтады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Әндіжанда 2 миллиард сумдық алтын бұйымдардың заңсыз саудасына тосқауыл қойылды