date

Бұхарада автобустар біртіндеп толық қолма-қол ақшасыз төлем жүйесіне көшеді

Бұхарада автобустар біртіндеп толық қолма-қол ақшасыз төлем жүйесіне көшеді

Бұхарада автобустарда жол ақысын төлеу тәртібі өзгереді. 2026 жылдың 1 февралінен бастап 7 автобус бағытында, ал 1 апрельден бастап қалған қолданыстағы бағыттарда да қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі енгізіледі. Жаңа тәртіп бойынша төлемдер тек электронды түрде қабылданады.

Бұл туралы облыс әкімі тиісті қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, Бұхара қаласының әкімдігі бір ай мерзімде қала бойынша автобус аялдамаларына электронды билеттерді сатуға арналған, өз-өзіне қызмет көрсететін автоматтандырылған инфокиосктарды кезең-кезеңімен орнату шараларын қабылдауы керек.

Сондай-ақ, Бұхара облысының көлік басқармасы қаладағы барлық бағыттарға қатынайтын автобустарды валидаторлармен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Жол ақысының ATTO автоматтандырылған төлем жүйесі арқылы төленуі тұрақты бақылауға алынуы белгіленген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Бұхарада автобустар біртіндеп толық қолма-қол ақшасыз төлем жүйесіне көшеді