date

Науаида алтын қазып алумен айналысқан "жасырын цех" әшкереленді...

Науаида алтын қазып алумен айналысқан "жасырын цех" әшкереленді...

Фото: видеодан кадр

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен ішкі істер органдары жүргізген жедел іс-шара барысында мемлекеттік резервтегі жерлерден құрамында алтыны бар кендерді заңсыз қазып алып, оларды химиялық тәсілмен өңдеумен айналысқан ұйымдасқан топтың қызметі тоқтатылды.

Тергеу деректеріне сәйкес, бұл топты Самарқанд облысы Пахтачи ауданында тұратын, 1988 жылы туған азамат басқарған. Ол Навоий облысы Кармана ауданындағы құс шаруашылығы кәсіпорнының ғимаратын жалға алып, онда жасырын өндірістік цех ұйымдастырған.

Жедел іс-шара барысында заттай дәлел ретінде 200 килограмм жартылай дайын алтын, құрамында алтын бар 200 қап құм мен тас, 300 килограмм химиялық реагенттер, арнайы зертханалық жабдықтар, газ баллондары және басқа да техникалық құралдар тәркіленді.

Сонымен қатар, Навбахор ауданында анықталған тағы бір жағдайда жергілікті ЖШС басшысы жалған рұқсат құжаты негізінде «Сармишсой» мемлекеттік музей-қорығы аумағында 19 адамды тарта отырып, заңсыз алтын өндіру жұмыстарын ұйымдастырғаны белгілі болды.

Бұл іс бойынша 6 килограмм жартылай дайын алтын, 430 тоннадан астам құрамында алтыны бар кен, химиялық заттар, жүк көліктері және арнайы техникалар тәркіленді. Алдын ала есептеулерге сәйкес, өндірілген табиғи байлықтардың келтірген залалы 6,1 миллиард сумды құраған.

Қазіргі уақытта екі факті бойынша да қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар қоршаған ортаға келтірілген экологиялық зиян көлемі анықталуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Науаида алтын қазып алумен айналысқан "жасырын цех" әшкереленді...