date

Педагогтар үшін ипотека субсидиясы 20 сәуірден басталады

Педагогтар үшін ипотека субсидиясы 20 сәуірден басталады

Жоғары біліктілік санатына ие, яғни бас мұғалім лауазымында қызмет ететін педагогтар үшін ипотекалық кредит бойынша мемлекеттік субсидияларға өтінімдерді қабылдау 20 сәуірден басталады. Бұл туралы Экономика және қаржы министрлігі хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, өтінімдерді қабылдау процесі ағымдағы жылдың 20 сәуірінде сағат 14:00-ден басталады. Бағдарлама аясында мұғалімдерге ипотекалық кредит бойынша алғашқы жарнаның 25 пайызы мемлекет тарапынан өтетін болады.

Субсидия алу үшін өтініш беруші бірқатар белгіленген әлеуметтік талаптарға сай болуы керек. Соның ішінде, оның кредиттик тарихы кемінде бір коммерциялық банктің ішкі талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сондай-ақ, өтініш берушінің немесе оның жұбасының атында республика бойынша екі және одан көп жылжымайтын мүлік болмауы керек. Бағдарлама аясында кемінде 15 жылдық педагогикалық тәжірибесі болу, сондай-ақ жоғары біліктілік санатына ие болу немесе бас мұғалім лауазымында жұмыс істеу негізгі талаптар болып саналады.

Өтінімдерді тапсыру үшін азаматтар Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады, сондай-ақ my.gov.uz порталы немесе MyGov мобильді қосымшасын пайдалана алады.

Осы субсидия арқылы азаматтар 15 банктен ипотекалық кредит ресімдеу мүмкіндігіне ие болады. Тиісті банктердің тізімі ресми түрде жарияланды.

Еске сала кетейік, бұл тәртіп Үкіметтің №69 қаулысы негізінде жоғары санатты педагогтарды әлеуметтік қолдау мақсатында енгізілді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Педагогтар үшін ипотека субсидиясы 20 сәуірден басталады