date

Әндіжанда кәмелетке толмаған қызға «самосуд» жасалды

Әндіжанда кәмелетке толмаған қызға «самосуд» жасалды
Фото: Бейнежазбадан кадр - Әндіжан облысы ІІБ

Әндіжан облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты алаңдатарлық оқиға орын алды. 7 мамыр күні бір топ әйелдің 16 жасар қызға қатысты өз бетінше «самосуд» жасағаны белгілі болды. Бұл туралы Әндіжан облысы ІІБ хабарлады.

Жанжал қалай басталды?

Алғашқы мәліметтерге сәйкес, Асака ауданында тұратын 2010 жылы туған қыз бен Шахрихан ауданында тұратын 1997 жылы туған әйел арасында Instagram әлеуметтік желісіндегі пікірге байланысты дау туындаған.

Қарапайым айтыс алдымен балағат сөздерге, кейіннен шиеленіскен жанжалға ұласып кеткен. Тараптар өзара сөйлесіп алу үшін кездесуге келіскен.

«Самосуд» және бейнежазба

Кейін түстен кейін қыз бен оның танысы, сондай-ақ әйел өзінің бірнеше таныстарымен бірге Асака ауданы мен Мархамат ауданы шекарасындағы қыратты аймаққа барған.

Дәл сол жерде кәмелетке толмаған қызға қысым көрсетіліп, ол балағатталған және мәжбүрлеп кешірім сұраттырылған. Ең өкініштісі, бұл процесс бейнеге түсіріліп, әлеуметтік желілерге таратылған.

Тергеу әрекеттері басталды

Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша Мархамат аудандық ІІБ тарапынан тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаға қатысқан тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға берілуі күтілуде.

Мамандар мұндай жағдайлардың қоғамдағы зорлық-зомбылық пен құқықтық мәдениеттің төмендігінің қауіпті көрінісі екенін атап өтуде. Кез келген дауды заңды жолмен шешу қажеттілігі тағы бір мәрте өзекті мәселе ретінде көтерілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Әндіжанда кәмелетке толмаған қызға «самосуд» жасалды