Хорезмде МИБ қызметкері 1500 доллар пара алып жатқан жерінде ұсталды

Хорезм облысында Мәжбүрлі орындау бюросының (МИБ) қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол қызметтік бабын пайдаланып, азаматқа салық қарызын жоюға көмектесуге уәде бергені айтылуда.
Мәліметтерге сәйкес, МИБ-тің Хиуа аудандық бөлімінің мемлекеттік орындаушысы іс жүргізуіндегі құжат бойынша 1995 жылы туған азаматтың 4 млн 526 мың сумдық салық қарызын жауып беруді ұсынған.
Сондай-ақ, ол азамат пен оның әкесіне есептелген жалпы сомасы 22 млн 822 мың сумдық жер және мүлік салықтарын лауазымды таныстары арқылы шешіп беретінін айтқан. Бұның орнына 1500 АҚШ долларын талап еткені анықталды.
Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі қызметкерлері өткізген жедел іс-шара барысында мемлекеттік орындаушы ақшаны алып жатқан кезінде айғақты заттармен ұсталды. Қазіргі таңда оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.




















Пікірлер 0
…