Ташкент облысында мотоцикл жүргізушісі 15 жасар қызды қағып кетті

Ташкент облысы Алмалық қаласында мотоциклдің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Мәліметтерге сәйкес, оқиға Әмір Темір көшесінде болған.
2003 жылы туған жүргізуші мотоциклді басқарып келе жатып, жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан 2011 жылы туған қызды қағып кетті. Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Әлеуметтік желілерде қыздың екі аяғынан айырылғаны туралы хабарламалар тарады, алайда ресми органдар бұл ақпаратқа әзірге түсініктеме берген жоқ.
Еске сала кетейік, 12 мамыр күні дәл осы Әмір Темір көшесінде екі бала көлік қағып кетуі салдарынан зардап шеккен еді. Олардың бірі кейіннен қайтыс болғаны хабарланған болатын.




















Пікірлер 0
…