date

Қоқанда рұқсатсыз автошеру ұйымдастырмақ болған инстаблогерге шара қолданылды

Қоқанда рұқсатсыз автошеру ұйымдастырмақ болған инстаблогерге шара қолданылды

Фарғана облысы Қоқан қаласында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін жағдайдың алды алынды. Instagram желісінде блогерлікпен айналысатын Д.У.-ның рұқсатсыз жаппай іс-шара ұйымдастырмақ болғаны айтылуда.

Мәлім болғандай, блогер 2026 жылғы 31 мамырда сағат 17:00-де қаладағы супермаркет алдында әдемі нөмірлі автокөліктердің жиналуы бойынша видеоүндеу таратқан. Алайда бұл жиын үшін тиісті рұқсат қағазы алынбаған.

Қоқан қалалық ІІБ қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушылықтың алды алынды. Азамат Д.У.-мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар оның сыбайласы Ж.М.-ның ішкі істер қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсеткені және қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.

Оқиға бойынша Д.У. мен Ж.М.-ға қатысты әкімшілік құжаттар рәсімделіп, іс сот органына жолданды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Қоқанда рұқсатсыз автошеру ұйымдастырмақ болған инстаблогерге шара қолданылды