Өзбекстандағы ерекше келін сәлем: Месси суретінің алдында жасалды (видео)

Өзбекстандағы үйлену тойларының бірінде ерекше жағдай орын алды. Келін қайын атасының өтініші бойынша әйгілі футболшы Лионель Мессидің суретінің алдында келін сәлем жасады.
Белгілі болғандай, күйеу жігіттің әкесі — қайын ата «Барселона» футбол клубының жанкүйері екен. Ол үйін клуб жалауларымен безендіріп, қабырғаға өз суретінің жанына Лионель Мессидің бойымен бірдей суретін іліп қойған.
Сол себепті, келін рәсім кезінде қайын атасының өтінішін ескеріп, тек отбасы мүшелеріне ғана емес, Мессидің суретіне де құрмет көрсетті. Бұл жағдай той қонақтары үшін де күтпеген және қызықты сәтке айналды.
Бұл процесс видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерде тез тарады. Пайдаланушылар бұл жағдайды әртүрлі бағалап, кейбіреулер мұны күлкілі әрі өзіндік дәстүр ретінде қабылдаса, басқалары өз пікірлерін білдіруде.
Қалай болғанда да, бұл оқиға өзіндік ерекшелігімен көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды.