АҚШ-та көше жарысына қатысқан өзбекстандықтарға қандай айып тағылды?

АҚШ-тың Огайо штатындағы Цинциннати қаласында арнайы рейд барысында 6 өзбекстандық ұсталды. Олар көше жарыстары мен қауіпті автоманеврлерге қатысты деген күдікке ілінді.
Хабарланғандай, оқиға Paycor стадионы маңындағы автотұрақта болған. Куәгерлер кейбір жүргізушілердің көліктерімен «донат» және «бернаут» сияқты қауіпті қимылдар жасағанын айтты.
Стадионның қауіпсіздік қызметі полицияға Audi, BMW, Mustang және Challenger маркалы көліктердің күдікті қозғалысы туралы хабар берген. Содан кейін полиция аумақты дрон арқылы бақылап, шығу жолдарын бақылауға алды.
Нәтижесінде А. Валиев, М. Есенова, М. Забурова, Б. Хамидуллаев, Д. Нурматов және Т. Нурматов ұсталды. Оларға жеке меншік аумаққа заңсыз кіру айыбы тағылды.
Сонымен қатар, Темір Нурматовқа көше жарысын ұйымдастырғаны үшін қосымша айып та тағылды. Сотта күдіктілер айыптауларды жоққа шығарды. Әрқайсысы үшін 2,5 мың доллар мөлшерінде кепіл ақша белгіленді.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, күдіктілер әзірге қамауда отыр.



















Пікірлер 0
…