date

Дюгарри: “Винисиус төзгісіз футболшы”


Бұрынғы әлем чемпионы, "Барселона" және "Милан" клубтарының шабуылшысы болған Кристоф Дюгарри мадридтік "Реалдың" бразилиялық шабуылшысы Винисиус Жуниор туралы өткір пікір білдірді. Дюгарри Винисиусты "шыдау мүмкін емес футболшы" деп атады.

Бұл пікірін ол "Эль Класико" кездесуіндегі Винисиустың кезекті іс-әрекетіне байланысты айтып өтті. "Маған Мбаппе ойын өрнегі мен қимылдары арқылы ұнайды, ал Винисиус, керісінше, шыдау мүмкін емес футболшы", - дейді бұрынғы шабуылшы RMC Sport арнасына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Винисиус Жуниор 2019 жылдан бері мадридтік "Реал" сапында өнер көрсетіп келеді және ол тәртіп мәселелері бойынша үнемі сынға ұшырайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Дюгарри: “Винисиус төзгісіз футболшы”