date

Эндрик «Лионға» ауысып, дебютке дейін рекорд орнатты

Эндрик «Лионға» ауысып, дебютке дейін рекорд орнатты

«Реал» сапында ойын тәжірибесі азайған бразилиялық талант Эндрик маусымның екінші бөлігін Франция чемпионатында өткізеді. 19 жастағы шабуылшы ресми түрде «Лион» клубына жалға қосылды.

«Лион» клубы Эндриктің трансферін 23 желтоқсанда ресми түрде жариялады. Бұл келісім француз футболы жанкүйерлері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Әсіресе жас жұлдыздың алаңға шықпай жатып-ақ клуб тарихында өзіндік із қалдырғаны назар аудартты.

Эндриктің «Лионға» ауысуына орай дайындалған видео клубтың әлеуметтік желілерінде нағыз жарылыс әсерін берді. Бұл видеоконтент қысқа уақыт ішінде рекордтық қаралым жинап, «Лион» парақшалары тарихындағы ең танымал жарияланымға айналды.

The Touchline дерегіне сүйенсек, 27 желтоқсан таңына қарай Эндрик қатысқан видеоролик 1,1 миллионнан астам рет қаралған. Бұл көрсеткіш клубтың абсолют рекорды ретінде тіркелді.

Мамандар мұндай қызығушылықты Эндриктің зор әлеуетімен, сондай-ақ «Реалдан» кейін еуропалық футболда жаңа парақ ашуымен түсіндіреді. Ал «Лион» жанкүйерлері жас шабуылшы команданың шабуыл шебіне жаңа серпін әкеледі деп күтуде.

Эндрик «Лион» сапындағы алғашқы ресми ойынын 3 қаңтарда өткізеді деп күтілуде. Сол күні лиондықтар қонақта «Монакоға» қарсы ойнайды. Бұл матч жас бразилиялық үшін Еуропа сахнасында өзін көрсетуге маңызды қадам болуы мүмкін.

Қысқасы, Эндрик доп теппей жатып-ақ «Лион» жанкүйерлерінің жүрегін жаулап алды. Енді кезек — алаңдағы сөзде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Эндрик «Лионға» ауысып, дебютке дейін рекорд орнатты