date

«Интер» А Сериясының чемпиондығын Туринде рәсімдеуі мүмкін

«Inter» А Сериясының чемпиондығын Туринде мерзімінен бұрын иеленуі мүмкін«Inter» А Сериясының чемпиондығын Туринде мерзімінен бұрын иеленуі мүмкін

Италия А Сериясының кезекті турында «Inter» командасы «Torino» қонағы болады. Егер «нерадзуррилер» Туринде жеңіске жетіп, «Milan» командасы «Yuventus»-ты жеңе алмаса, Симоне Индзаги шәкірттері мерзімінен бұрын чемпиондықты ресімдейді.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

«Inter» қазіргі уақытта тамаша спорттық бабында, қатарынан төрт ойында жеңіске жетті. Команда бұл кездесулерде қарсыластар қақпасына кемінде үш голдан соғудың сәтін түсірді.

Сондай-ақ, миландықтар 2019 жылдан бері «Torino»-ға есе жібермей келеді.

Алаң иелерінің бапкері Роберто Д'Аверса командаға келгеннен кейін «Torino» өз ойынын айтарлықтай жақсартты. Туриндегі соңғы жеті ойынның төртеуінде жеңіске жеткенімен, чемпиондыққа ұмтылған «Inter»-ге қарсы бәсеке команда үшін маңызды сынақ болады деп күтілуде.

Құрамдағы шығындарға келсек, «Inter» сапында жарақатынан айығып келе жатқан капитан Лаутаро Мартинес пен тобығынан жарақат алған Алессандро Бастонидің алаңға шығуы белгісіз болып тұр. Ал «Torino» құрамында Дуван Сапата қосалқы құрамға оралады деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Интер» А Сериясының чемпиондығын Туринде рәсімдеуі мүмкін