date

Тони Кроос «Реал Мадрид» клубына оралу бойынша келіссөздер жүргізуде

Тони Кроос "Реал Мадрид" клубына қайту бойынша келіссөздер жүргізуде

Германиялық бұрынғы футболшы Тони Кроос «Реал Мадрид» клубына қайту бойынша нақты келіссөздер жүргізіп жатыр. 2024 жылғы Еуропа чемпионатынан кейін мансабын аяқтаған 36 жастағы жұлдыз алаңға ойыншы ретінде оралмайды.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Клуб басшылығы Кроосқа Зинедин Зидан жүріп өткен жолды ұсынып отыр. Оған сәйкес, бұрынғы жартылай қорғаушы алдымен кеңесші ретінде жұмыс бастап, кейіннен жаттықтырушылық лауазымға ауысуы қарастырылған.

Қазіргі уақытта «Реал Мадрид» құрамында Карло Анчелоттидің жетекшілігімен нәтижелер төмендеп, команда жүлдесіз қалу қаупінде тұр. Клуб президенті Флорентино Перес пен басқа да лауазымды тұлғалар Кроостың тәжірибесін стратегиялық шешімдер қабылдауда пайдаланбақшы.

Қазіргі уақытта Тони Кроос Мадридте өзінің футбол академиясымен және жеке подкаст жобасымен айналысуда. Егер келісім жүзеге асса, ол негізгі команданың ішкі шеңберінде маңызды орынға ие болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Тони Кроос «Реал Мадрид» клубына оралу бойынша келіссөздер жүргізуде