Гарри Кейн өзін «Алтын доп» үшін басты үміткерлердің бірі деп санайды

«Бавария» шабуылшысы Гарри Кейн аяқталған маусымдағы керемет нәтижелерінен кейін өзін беделді «Алтын доп» жүлдесіне басты үміткерлердің бірі деп санайтынын мәлімдеді. L'Équipe басылымына берген сұхбатында ағылшын сұрмергені соққан голдары мен командалық жетістіктері оны бұл жүлдеге жақындатқанын атап өтті. Бұл туралы Goal.com хабарлайды .
«Осы маусымда соққан голдарым мен жеңіп алған жүлделерімді ескерсек, мен бәсекеде бармын деп ойлаймын. Әсіресе, Англия құрамасы АҚШ, Мексика және Канадада өтетін Әлем чемпионатында жеңіске жетсе, жүлденің ағылшын футболшысына бұйыруын елестету қиын емес», — деді 32 жастағы шабуылшы.
Кейн «Бавария» сапында барлық турнирлерде 61 гол соғуға қол жеткізді. Ол бұл нәтижені Лионель Месси мен Криштиану Роналду деңгейіндегі көрсеткіш деп санайды. «60 гол межеден асқан соң, сіз Лионель Месси мен Криштиану Роналдумен бір стратосфераға шығасыз. Бір кездері олардың көрсеткіштері маған қолжетімсіз болып көрінетін», — деп қосты ол.
Сондай-ақ, шабуылшы Англия құрамасының жаңа бас бапкері Томас Тухель туралы да жылы пікір білдірді. Кейн Мюнхен клубындағы карьерасы кезінде маманмен жұмыс істеу ұнағанын және оның идеялары құрамаға сәттілік әкелетініне сенетінін айтты.
«Алтын доп» табыстау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді. Гарри Кейн туған қаласында бұл жүлдені жеңіп алу өзі үшін ерекше символдық мәнге ие болатынын жасырмады.



















Пікірлер 0
…