Chieftec Computex көрмесінде 4 бейнекартаға арналған The Big One және Vista Max корпустарын таныстырды

Computex 2026 көрмесінде Chieftec компаниясы екі жаңа корпусты таныстырды: ATX Tower форматындағы Vista Max (GX-30B-OP) және E-ATX Tower форматындағы The Big One (BA-30B-OP). Бірінші модель сәнді дизайнға және тиімді салқындату жүйесіне бағытталса, екіншісі жұмыс станциялары мен серверлік конфигурацияларға арналған. Бұл туралы Ixbt.com хабар лайды.
Vista Max моделі алдыңғы Vista нұсқасының үлкейтілген түрі болып табылады және ол төрт ARGB жарықтандырғышы бар 140 мм вентиляторлармен жабдықталған. Құрылғының ерекшелігі – онда екі синхрондалған қуат түймесі бар: біреуі алдыңғы панельде, екіншісі жоғарғы жағында орналасқан. Сондай-ақ, корпустың төменгі алдыңғы бөлігінде бұрышы өзгермелі қосымша вентилятор орнату мүмкіндігі қарастырылған.
The Big One корпусы кәсіби пайдаланушыларға арналып жасалған және ол E-ATX-ке дейінгі аналық тақталарды қолдайды. Онда бірнеше PCIe карталары үшін сегіз кеңейту ұясы бар, бұл бір уақытта төртке дейін бейнекарта орнатуға мүмкіндік береді. Корпус ішінде ауыр бейнекарталарды ұстап тұру үшін арнайы вертикаль тірек те орнатылған.
Екі жаңа модель де ұзындығы 420 мм-ге дейінгі заманауи бейнекарталарды сыйғыза алады. The Big One моделінің артқы жағында ауаны шығаратын қосымша вентилятор орнатылған, бірақ ол бейнекарта порттарын ішінара жабуы мүмкін. Өндіруші The Big One корпусының бағасы шамамен 150 еуро шамасында болатынын мәлімдеді.



















Пікірлер 0
…