Xiaomi алғаш рет желісіз қоңырау шалу мүмкіндігі бар флагмандарын ұсынды

Xiaomi алғаш рет желісіз қоңырау шалу мүмкіндігі бар флагмандарын ұсынды

Қытайдың Xiaomi компаниясы жаңа буын флагман смартфондарын - Xiaomi 15T және 15T Pro модельдерімен таныстырды. Олардың ең үлкен жаңалығы - Offline Communication технологиясы, бұл арқылы пайдаланушылар мобильді желіні немесе интернетті пайдаланбай-ақ 1,9 км қашықтыққа дейін қоңырау шала алады.

Дизайн және экран

  • Xiaomi 15T - 120 Гц жаңарту жиілігі бар AMOLED дисплейі.
  • Xiaomi 15T Pro - 144 Гц AMOLED LIPO панелі.
  • Екі модель де 6,83 дюймдік үлкен экранмен жабдықталған.

Камера мүмкіндіктері

  • 50 Мп негізгі камера.
  • Про нұсқа: 5 есе перископиялық зум және 8K форматында бейне жазу мүмкіндігі.

Texnikalıq qásiyetler

  • Чипсеттер: MediaTek Dimensity 8400-Ultra (15T) және Dimensity 9400+ (15T Pro).
  • Аккумулятор: сыйымдылығы 5500 мАч.
  • Зарядтау жылдамдығы:
  • 15Т - 67 Вт сымды,
  • 15T Pro - 90 Вт сымды және 50 Вт сымсыз.
  • Қорғау: IP68 сертификаты - су мен шаңнан қорғалған.

Xiaomi-дің бұл флагмандары жоғары жылдамдықты жұмыс істеуімен және кәсіби камера мүмкіндіктерімен ғана емес, сонымен қатар желісіз байланыс орнату функциясымен де басқа смартфондардан ерекшеленеді.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар