date

OpenAI ChatGPT-ге ата-ана бақылуын енгізді

OpenAI ChatGPT-ге ата-аналар бақылауын енгізді

Bloomberg дерегі бойынша, OpenAI ChatGPT сервисіне ата-аналар бақылауы функциясы қосылды. Енді ата-аналар балалар үшін кейбір функцияларды шектеуге және күйзеліс белгілері туралы хабарламалар алуға мүмкіндік алды.

Функция арнайы шақыру арқылы баланың электрондық поштасына жіберіліп іске қосылады. Соның көмегімен дауыс режимін, сурет жасау мүмкіндігін және алдыңғы әңгімелерге қолжетімділікті шектеуге болады.

Хабарламалар электрондық поштаға, SMS не қосымша арқылы жіберіледі, алайда балалардың жазысқан хаттары ата-аналарға берілмейді.

Бұл шешім биыл сәуірде өз еркімен өмірмен қоштасқан жасөспірімнің отбасы сотқа жүгінгеннен кейін қабылданды. Отбасы ChatGPT жасөспірім жазған хабарларға қарамастан “шұғыл көмек протоколы” іске қосылмағанын айтқан.

OpenAI сондай-ақ, пайдаланушылардың жасын анықтау жүйесін жасап жатыр, бұл болашақта функцияларды дұрыс шектеуге мүмкіндік береді деп жазады Kursiv Media.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » OpenAI ChatGPT-ге ата-ана бақылуын енгізді

Ең көп оқылғандар Технология жаңалықтары