date

Электрондық пошта әлі де танымал: пайдаланушылардың үштен бірі алғашқы мекенжайынан бас тартпаған

Электрондық пошта әлі де танымал: пайдаланушылардың үштен бірі алғашқы мекенжайынан бас тартпаған

Yandex 360 сарапшылары жүргізген зерттеу электрондық пошта қызметтері цифрлық әлемдегі ең ұзақ өмір сүретін құралдардың бірі екенін көрсетті. Мәліметтерге сәйкес, пайдаланушылардың 36 пайызы әлі күнге дейін өздерінің алғашқы электрондық пошта мекенжайын қолданып келеді. Олардың 41 пайызында бұл мекенжай 15 жылдан астам уақыт бұрын, ал 27 пайызында 10-15 жыл бұрын ашылған. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Бүгінгі таңда электрондық пошта көбінесе техникалық мақсаттарда қызмет етеді. Респонденттердің 37 пайызы оны түрлі сервистер мен платформаларда тіркелу үшін, 29 пайызы чектер, билеттер мен маңызды құжаттарды қабылдау үшін, ал тағы 29 пайызы құпия сөздерді қалпына келтіру үшін пайдаланады. Жеке немесе іскерлік қарым-қатынас үшін поштаны қолданушылардың үлесі небәрі 23 пайызды құрайды.

Көптеген пайдаланушылар электрондық поштаны деректер архиві ретінде бағалайды: респонденттердің 35 пайызы негізгі ақпараттарын дәл пошта жәшігінде сақтайды. Сондай-ақ, пайдаланушылардың басым бөлігі бір мекенжаймен шектелмей, екі және одан да көп аккаунтқа ие. Ең танымал сервистер қатарында Yandex Pochta (37%), Gmail (32%) және Mail (24%) көш бастап тұр.

Пайдаланушылар пошта сервистерін таңдауда бірінші кезекте қауіпсіздікке назар аударады. Атап айтқанда, спамнан қорғану (32%) және аккаунт қауіпсіздігі (29%) ең маңызды критерийлер ретінде аталды. Сондай-ақ, 63 пайыз пайдаланушылар үшін хаттарды автоматты түрде сүзу функциясы өте маңызды екені анықталды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Электрондық пошта әлі де танымал: пайдаланушылардың үштен бірі алғашқы мекенжайынан бас тартпаған