Ресей Мемлекеттік Думасы интернетте балағат сөздерді қолдануды толықтай тыйым салатын заң жобасын қарастыруда. Құжат қабылданса, ол барлық әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларға қатысты болады.
Жобаның авторы — Мемлекеттік Думаның ақпараттық саясат комитетінің мүшесі Андрей Свинцовтың айтуынша, интернеттегі балағат сөздер көшедегідей қоғамдық тәртіпті бұзу деп бағалануы тиіс. «Метро станциясының жанында немесе мейрамхана қасында балағат сөз айтсаңыз, бұл ұсақ бұзақылық болып есептеледі. Дәл осы ереже онлайн кеңістікке де қолданылуы керек», — деді депутат.
Свинцов заңды жүзеге асыру үшін «Роскомнадзорға» арнайы өкілеттік беруді ұсынды. Яғни, егер желіде балағат сөздер анықталса, мұндай контент құқық қорғау органдарын артық жұмысқа тартпай-ақ автоматты түрде бұғатталатын болады.
Айта кетейік, тамыз айында депутат Свинцов балағат сөздері бар материалдарды шектейтін заң жобасын Мемлекеттік Думаға енгізген еді. Құжатқа сәйкес, әлеуметтік желілердегі балағат сөздер қолданылған жазбалар не түзетілуі, не арнайы белгілермен жабылуы тиіс.
Тыйым салынған сөздер қатарына “х”, “п”, “е”, “б” әріптерімен басталатын сөздер және олардың туындылары кіреді. Егер мұндай материалдар белгіленбей таратылса, олар өшіріледі немесе «Роскомнадзор» тарапынан ресурстарға қол жеткізу шектеледі.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!