date

Лондонда ұрланған 40 мың телефон Қытайға жөнетілген

Лондонда ұрланған 40 мың телефон Қытайға жөнетілген

Біріккен Корольдіктің полициясы елден Қытайға 40 мыңға жуық ұрланған мобильді телефон жөнелткен халықаралық қылмыстық топты әшкереледі. Лондон мен Хертфордширдегі 28 мекенжайда өткізілген рейдтер барысында 18 адам ұсталып, 2 мыңнан астам телефон табылды.

Тергеу бір жәбірленушінің ұрланған iPhone-ын қадағалауы арқылы басталған. Телефон Лондон маңындағы қоймаға жеткізілгеннен кейін полиция ол жерден тағы жүздеген құрылғы тапқан және бұл жағдай халықаралық контрабанда желісін әшкерелеген.

Ұсталғандардың арасында екі ауған және бір үнді азаматы бар. Олар ұрланған мүлікті жасыруда айыпталуда. Кейінгі рейдтерде тағы 15 адам, негізінен әйелдер, ұсталған.

Полиция бұл топ Лондонда болған телефон ұрлықтарының 40 пайызына дейін жауапты болуы мүмкін екенін айтуда. Ресмилер ұрланған iPhone-дардың көбі Қытайда қымбат бағаға сатылып жатқанын, бұл қылмысты табысты бизнеске айналдырып жатқанын атап өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » Лондонда ұрланған 40 мың телефон Қытайға жөнетілген