date

Xiaomi жаңа робот-шаңсорғышын таныстырды

Xiaomi жаңа робот-шаңсорғышты таныстырды

Xiaomi компаниясы жаңа буын робот-шаңсорғышы — Mijia Sweeping and Mopping Robot 5 үшін алдын ала тапсырыс қабылдауды бастады, деп хабарлайды Rozetked.me сайты.

Жаңа үлгі 7,9 см ультра жұқа корпусы, жасанды интеллектке негізделген кедергілерді анықтау жүйесі және 40 мм биіктіктегі кедергілерден асып өту қабілетімен ерекшеленеді. Құрылғы 130 түрлі кең тараған кедергіні — мысалы, шұлық немесе тәпішкені — анықтай алады.

Роботтың сору күші 23000 Па, екі жүзді арнайы щеткасының арқасында шаш пен жіптердің шатасып қалуына жол бермейді. Сонымен қатар, еденді қолмен жуғандай ылғалды тазалау функциясымен жабдықталған.

Құрылғыны Mijia қосымшасы арқылы басқаруға болады, онда пайдаланушы тазалау кестесін белгілей алады, тыйым салынған аймақтарды орната алады және басқа Xiaomi “ақылды үй” құрылғыларымен байланыстыра алады.

Жаңа Mijia Sweeping and Mopping Robot 5 үшін алдын ала тапсырыстар Қытайда 3199 юань (шамамен 36,4 млн сom) бағасымен басталды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » Xiaomi жаңа робот-шаңсорғышын таныстырды