date

YouTube бұғатталған авторларға платформаға қайта оралуға мүмкіндік береді

YouTube бұғатталған авторларға платформаға оралу мүмкіндігін береді

YouTube “Second Chance” (“Екінші мүмкіндік”) деп аталатын жаңа бағдарламаны іске қосты. Бұл бұғатталған контент жасаушыларға бір жылдан кейін платформаға қайта кіру үшін өтініш беруге мүмкіндік береді, деп жазады Rozetked.me сайты.

Компанияның атап өтуінше, бұл бағдарлама аппеляция болып табылмайды — ол шешімді ресми түрде қайта қарау мүмкіндігін пайдаланып үлгерген пайдаланушыларға арналған. Әрбір жағдай жеке қаралады, шешім бұзушылықтың сипаты мен қолданыстағы ережелерге сәйкестігіне қарай қабылданады.

Сонымен бірге, авторлық құқықты бұзған арналар бұл бағдарламаға қатыса алмайды.

Өтініш мақұлданғаннан кейін, автор жаңа арна ашып, бұрынғы видеоларын қайта жүктей алады (егер олар қазіргі ережелерге қайшы келмесе) және монетизацияны қайта іске қосуға мүмкіндік алады.

Жаңа функция туралы ескертулер YouTube Studio-дағы үстел үсті нұсқасында алдағы айларда пайда болады.

Бағдарлама Google АҚШ Конгрессмені Джим Джорданға жолдаған хаты негізінде енгізілуде — онда компания COVID-19 және сайлау туралы дезинформацияға байланысты бұғатталған арналарды қайтару ниетін білдірген еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » YouTube бұғатталған авторларға платформаға қайта оралуға мүмкіндік береді