date

Apple қауіпсіздіктегі қателіктерді тапқандар үшін сыйақыны 2 миллион долларға дейін арттырды

Apple қауіпсіздіктегі қателерді тапқандар үшін сыйақыны 2 миллион долларға дейін өсірді

Apple өзінің Apple Security Bounty бағдарламасын кеңейтті және ол арқылы қауіпсіздік жүйелеріндегі кемшіліктерді анықтаған мамандарға берілетін сыйақы мөлшерін екі есе арттырды, деп жазады Rozetked.me сайты.

Енді ең жоғары деңгейдегі қауіпті шабуыл тізбектерін анықтағандарға 2 миллион долларға дейін сыйақы беріледі. Егер зерттеуші Lockdown Mode-ды айналып өту немесе бета-нұсқалардағы белгісіз қателерді таба алса, жалпы сыйақы 5 миллион долларға дейін жетуі мүмкін.

Apple атап өткендей, бұл саладағы ең үлкен және тарихта болмаған сома:

«Бұл саладағы ең үлкен сыйақылардың бірі. Қосымша бонустармен ол 5 миллион доллардан да асып кетуі мүмкін», — делінген компания мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, Gatekeeper-ді айналып өту үшін сыйақы 100 мың долларға дейін, ал iCloud-ты бұзу үшін 1 миллион долларға дейін ұлғайтылды.

Жаңартылған ережелер 2025 жылдың қарашасынан бастап күшіне енеді. Сол айда Apple Security Research сайтында жаңа санаттар мен сыйақылар тізімі жарияланады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » Apple қауіпсіздіктегі қателіктерді тапқандар үшін сыйақыны 2 миллион долларға дейін арттырды