date

Apple тарихи рекорд орнатты - бір жылда 100 миллиард доллар пайда

Apple тарихи рекорд орнатты - бір жылда 100 миллиард доллар пайда

Технологиялық алпауыт Apple 2025 жылдың төртінші тоқсаны мен бүкіл қаржы жылының қорытындысы бойынша рекордтық кіріс тіркеді. Компания тарихында алғаш рет мерекелік маусым болмаған тоқсанда да жылдық таза пайда 100 миллиард доллардан асты, деп хабарлады Bloomberg.

Ресми есеп бойынша, Apple-дің жалпы таза пайдасы 112 миллиард долларды құрады. Бұл сан компания тарихындағы ең жоғары қаржылық нәтиже болып табылады.

Бір жыл бұрынғы қаржылық есепте бұл деңгей Ирландиядағы салық жанжалына байланысты орындалмады. Алайда, биылғы жылы проблемалар жойылып, компанияның пайдасы күрт өсті.

Нәтижесінде Apple Vodafone, Saudi Aramco және Alphabet сияқты жылдық табысы 100 миллиард доллардан асатын санаулы алыптардың қатарына қосылды.

Бір қызығы, компанияның пайдасы 2006 жылдан бері 50 есеге өсті.

Мысалы:

2010 жылы - 10 миллиард доллар,

2019 жылы - 20 миллиард доллар,

2024 жылы - 36 миллиард доллар пайда тіркелді.

Мамандардың пікірінше, мұндай жоғары нәтижеге iPhone 16 сатылымы, қызмет көрсету сегментінің кеңеюі және Apple Intelligence технологияларының енгізілуі себеп болған.

Осылайша, 2025 жыл Apple үшін жаңа қаржылық рекордтар жылы ретінде тарихта қалады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » Apple тарихи рекорд орнатты - бір жылда 100 миллиард доллар пайда