date

Apple M5 Max чипі рекордтық нәтиже көрсетті

Apple M5 Max чипі рекордтық нәтиже көрсетті

Apple компаниясының жаңа M5 Max чипі өзінің алғашқы өнімділік сынақтарында баршаны таңғалдырды. Geekbench 6 платформасында өткізілген алғашқы сынақтарда 18 ядролы процессор 29 233 ұпай жинап, жаңа рекорд орнатты. Бұл нәтиже тіпті 32 ядролы M3 Ultra чипінің көрсеткішінен де жоғары екені белгілі болды. Мұндай macrumors.com хабарлайды.

Талдауларға сәйкес, M5 Max чипі көп ядролы өнімділік бойынша M3 Ultra-дан 5 пайызға, ал M4 Max-тан 15 пайызға жылдам жұмыс істейді. Сондай-ақ, чип бір ядролы сынақтарда да 4 268 ұпаймен барлық дербес компьютер процессорлары арасында көшбасшы болды. Бұл көрсеткіш AMD Ryzen 9 сериясындағы ең қуатты модельдерден де асып түсіп, Apple Silicon технологиясының қаншалықты қуатты екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қазіргі уақытта M5 Pro және M5 Max чиптері орнатылған жаңа MacBook Pro модельдеріне алдын ала тапсырыстар қабылдануда. Құрылғылардың алғашқы иелеріне жеткізілуі және дүкендерде сатылымға шығуы 11 наурызға белгіленген. Сарапшылар жақын арада графикалық өнімділікті көрсететін Metal тест нәтижелері де жарияланатынын күтуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Apple M5 Max чипі рекордтық нәтиже көрсетті