date

GPT-5.5 қорғанысын бұзған зерттеушілер марапатталады

GPT-5.5 қорғанысын бұзған зерттеушілер марапатталады

«OpenAI» компаниясы өзінің жаңа GPT-5.5 жасанды интеллект моделіндегі биологиялық қауіпсіздік жүйесін сынау мақсатында «Bio Bug Bounty» бағдарламасын іске қосты. Осы жоба аясында мамандар жүйенің қорғаныс тетіктерін айналып өту жолдарын іздейді. Зерттеушілер жасанды интеллект көмегімен биомедицина саласындағы тыйым салынған мәліметтерді алу мүмкіндігін тексереді. Бұл туралы Openai.com хабарлайды.

Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2026 жылдың 22 маусымына дейін қабылданады. Іріктеуге жасанды интеллект қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік және биомедицина саласында тәжірибесі бар мамандар қатыса алады. Іріктеліп алынған үміткерлер арнайы тест сұрақтарынан өтіп, мәліметтерді жария етпеу туралы келісімге қол қоюлары шарт.

Сәтті нәтиже көрсеткен және жүйедегі елеулі кемшіліктерді анықтаған қатысушыларға 25 000 АҚШ долларына дейінгі мөлшерде сыйақы ақысы төленеді. Компания осы бастама арқылы озық жасанды интеллект технологияларын одан әрі қауіпсіз ету және ықтимал жаһандық қауіптердің алдын алу мақсатын көздейді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » GPT-5.5 қорғанысын бұзған зерттеушілер марапатталады