date

Xiaomi Мюнхен қаласында жаңа зерттеу орталығын ашты

Xiaomi Мюнхен қаласында жаңа зерттеу орталығын ашты

Қытайдың "Xiaomi Auto" компаниясы Германияның Мюнхен қаласында өзінің Еуропадағы ғылыми-зерттеу орталығын іске қосты. Бұл орталық брендтің электромобильдер нарығындағы орнын нығайту және 2027 жылға жоспарланған Еуропа нарығына шығу стратегиясының бір бөлігі болып саналады.

Бұл туралы Ixbt.com хабар береді.

Жаңа орталықта 50-ге жуық маман жұмыс істеп жатыр. Оған бұған дейін "BMW" компаниясының жарыс автомобильдері жобасында жұмыс істеген Рудольф Диттрих жетекшілік етеді.

Сондай-ақ, автомобильдердің динамикалық сипаттамаларын әзірлеуге "BMW"-ның тағы бір тәжірибелі қызметкері Клаус-Дитер Гролл жауапты болып тағайындалды.

Компанияның бас директоры Лэй Сюн Пекин автосалонында мәлімдегендей, орталық жоғары өнімді автомобильдер, премиум дизайн және озық технологиялармен айналысады. Команда құрамына "BMW", "Porsche", "Lamborghini" және "Mercedes-Benz" сияқты беделді брендтерде тәжірибе жинақтаған инженерлер мен дизайнерлер тартылған.

Еуропалық мамандардың қатысуымен жасалған алғашқы модель "SU7 Ultra" кроссоверінің жоғары қуатты нұсқасы болады. Бұл электромобильдің мамыр айының соңында сатылымға шығуы күтілуде.

"Xiaomi" осы модель арқылы жоғары технологиялы және премиум сегменттегі орнын нығайтуды мақсат еткен.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Xiaomi Мюнхен қаласында жаңа зерттеу орталығын ашты