date

Неміс ғалымдары тиімділігі 60 пайыздық сутегі қозғалтқышын жасап шығарды

Неміс ғалымдары ПӘК-і 60 пайыз болатын сутегі қозғалтқышын жасап шығарды

Германиялық зерттеушілер дизельді моторлармен бәсекелесе алатын тұйық циклді сутегі қозғалтқышын жасап шығарды. Жоба Магдебургтегі Отто фон Герике университетінде әзірленген.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Қозғалтқыштың басты ерекшелігі — оның тұйық контурда жұмыс істеуі. Жұмыс қоспасы ретінде сутегі, оттегі және аргон қолданылады.

Сутегі энергия көзі, оттегі реакция үшін, ал аргон процесті тұрақтандырушы құрал ретінде қызмет атқарады.

Әзірлеушілердің айтуынша, әрбір жұмыс циклінен кейін газ қоспасының үлкен бөлігі сыртқа шығарылмайды. Ол салқындатылады, тазартылады және жүйеге қайтарылады.

Бұл қозғалтқышқа дәстүрлі қалдықтарсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Сынақ нәтижелері көрсеткендей, жүйе жоғары қуат пен 60 пайыздан астам тиімділікті (ПӘК) біріктірген. Бұл көрсеткіш дизельді қондырғылармен дерлік бірдей.

Аталған технология жүк көліктері, ауыл шаруашылығы және құрылыс техникалары үшін өте қолайлы деп саналады. Жоба авторларының пікірінше, тұйық жүйе ұзақ мерзімді перспективада экономикалық тұрғыдан да тиімді болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Неміс ғалымдары тиімділігі 60 пайыздық сутегі қозғалтқышын жасап шығарды