date

NASA астронавы Ресейдің «Союз» кемесімен ХҒС-қа ұшады

NASA астронавты Ресейдің "Союз" кемесімен ХҒС-қа ұшады

Юрий Гагарин атындағы ғарышкерлерді даярлау орталығы «Союз МС-30» кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшатын негізгі экипаж құрамын бекітті. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Экипаж құрамына NASA астронавты Дениз Бернхем және «Роскосмос» ғарышкерлері Дмитрий Петелин мен Константин Борисов енді. Дмитрий Петелин кеме командирі болып тағайындалды, ал Бернхем мен Борисов борт инженері міндетін атқарады.

Бұл команда Жер орбитасындағы ұзақ мерзімді экспедиция аясында ғылыми тәжірибелер жүргізіп, станцияға қызмет көрсетеді деп жоспарланған. «Союз MS-30» кемесінің ұшуы 2027 жылғы наурыз айына белгіленген.

Сондай-ақ, Бернхем, Петелин және Борисов 2026 жылғы 14 шілдеде ұшырылады деп күтіліп отырған «Союз МС-29» кемесінің қосалқы экипаж құрамына да енгізілген. Қазіргі уақытта ХҒС орбитасында «Роскосмос», NASA және Еуропа ғарыш агенттігінің өкілдері өз қызметін жалғастыруда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » NASA астронавы Ресейдің «Союз» кемесімен ХҒС-қа ұшады